Ержан бір сан жасырды,оны 9 есе арттырды,одан 16-ны азайтып,19-ға кемітті,нәтижені 4 есе кемітті,оған 38-ді қосқанда 63 шықты.Ержан қандай сан жасырды?
кері амал тәртібімен орындалады. (63-38)*4+19+16/9 = 15 Ержан 15 санын жасырды
Үш қаланың әрқайсында екі қаламен байланыс жолы салынған.Сонда барлығы неше жол бар?
3
« Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті ?
1 сағат 43 минут
Екі бөлмеде 56 адам бар.Бірінші бөлмеге тағы12 адам, екінші бөлмеге 8 адам келгенде, екі бөлмедегі адамдар саны теңелді.Бастапқыда әр бөлмеде неше адамнан болды?
30 және 26 Есепті шығару жолы (56+8+12):2 = 38 38-8= 30 38-12= 26
Ілияс ақшасын санап отырып ,мынадай ойға кетті: «Егер ақшама бар ақшамның жартысын қосса ,тағы 20 теңге қосса,менде 110 теңге болар еді» Ілияста қанша ақша болған?
Есеп кері амалдар тізбегімен шешіледі (110-20):3= 30 (теңге)-жартысы. 30*2 =60 тг-Ілияста болды.
Жаңа туған пілдің баласы 1 тоннаның сегізден бір бөлігін тартады. Жаңа туылған пілдің баласы неше кг тартады?
125 кг
Your experience on this site will be improved by allowing cookies.