Study

Әлеуметтану

  •   0%
  •  0     0     0

  • Бұқаралық ақпарат құралдарына сенімділікті қалай анықтауға болады?
    Дереккөздер, редакциялық саясат, кәсіби стандарттар мен аудиторияның пікіріне назар аудару керек.
  • Дәстүрлі масс-медиа түрлері
    газет-журналдар, радио, телевидение, кино және баспа өнімдері.
  • Ақпараттық технологиялар дегеніміз не?
    Бұл деректерді өңдеу, сақтау, қорғау және таратуға арналған технологиялар мен жүйелер.
  • Ақпараттық технологиялардың білім беру саласына әсері қандай?
    Қашықтықтан оқыту, электронды оқулықтар мен интерактивті құралдар арқылы білім берудің қолжетімділігін арттырып, оқу процесін тиімді етеді.
  • 15 бал алынады
  • Бұлттық технологиялар деген не және олардың пайдасы қандай?
    Бұл деректер мен бағдарламаларды интернет арқылы сақтау және басқару, ол кеңістік пен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
  • Ақпараттық қауіпсіздік деген не?
    Бұл деректерді қорғау және оларға заңсыз кіруден немесе өзгертілуден сақтау шаралары.
  • Қосымша 10 ұпай
  • Кибербуллинг деген не және ол қалай көрінеді?
    Бұл интернетте немесе әлеуметтік желілерде адамдарды қорлау, мазалау немесе қудалау.
  • Деректерді сақтау әдістері қандай
    Жергілікті сақтау (қатты диск, SSD), бұлттық сақтау (Google Drive, iCloud)
  • Масс-медиадағы "сары басылым" дегеніміз не?
    Сары басылым" – сенсацияға құрылған, кейде нақты дереккөздерге негізделмеген ақпараттарды тарататын медиа түрі.
  • Масс-медиа мен пропаганданың айырмашылығы неде
    масс-медиа объективті ақпарат беруді көздейді, ал пропаганда белгілі бір көзқарасты күштеп таңуға бағытталған.
  • БАҚ жаңалықтарды қалай өңдеп, таратады?
    БАҚ жаңалықтарды жинап, тексеріп, редакциялап, таңдаулы платформалар арқылы таратады.
  • Қандай жағдайда ақпарат жалған болуы мүмкін?
    Тексерілмеген деректер қолданылса, сондай-ақ сенімсіз көздерден келсе.
  • Қандай салаларда ақпараттық технологиялар қолданылады?
    Медицина, білім беру, қаржы, өндіріс, сауда және қызмет көрсету.
  • Цензура масс-медианың қандай түрлеріне қолданылады?
    Цензура көбінесе саяси, әлеуметтік және мәдени маңызы бар контенттерге, әсіресе телевидение, радио және интернет медиаларына қолданылады.
  • Масс-медиа
    ұл ақпаратты қоғамға жеткізетін және халықтың ақпараттандырылуын қамтамасыз ететін құралдар жиынтығы
  • Ақпараттық технологиялар дамуының тарихы қандай?
    Алғашқы есептеу құрылғыларынан бастап, интернет пен бұлттық технологиялар, жасанды интеллект пен блокчейнге дейінгі даму жолы.
  • Масс-медианың аудиторияға әсерін қалай өлшеуге болады?
    Рейтингтер, көрілімдер саны, аудитория сауалнамалары және әлеуметтік желілердегі белсенділік арқылы өлшеуге болады.
  • тағы 5 ұпай қосттым
  • Ақпараттық технологиялар дамуы қоғамға қалай әсер етуде?
    Жұмыс орындарын автоматтандыру, білім мен медицина сапасын жақсарту, жаңа мүмкіндіктер мен қызмет түрлерін ұсыну.
  • Жаңа медиадағы журналистикада қандай ерекшеліктер бар?
    Деректерге тез қол жеткізу, заманауи құралдармен жұмыс, фейк жаңалықтарды тексеру ерекшеліктерімен сипатталады.
  • Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары қандай?
    Телевидение, радио, онлайн БАҚ, әлеуметтік желілер және баспа өнімдері.
  • Вирустық ақпарат дегеніміз не?
    Бұл интернетте жылдам таралатын қызықты немесе ерекше ақпарат, бейнематериалдар, суреттер.
  • Бұқаралық ақпарат құралдарының ашықтығы не үшін маңызды
    Сенімділікті арттыру және қоғамның БАҚ-қа деген сенімін сақтау үшін маңызды.
  • Ақпараттық сауаттылықтың маңызы неде?
    Жалған ақпараттан қорғануға, сенімді дереккөздерді ажыратуға және саналы түрде ақпарат қабылдауға көмектеседі.
  • Қашықтықтан оқыту жүйесі қандай ақпараттық технологияларға сүйенеді?
    Бейне байланыс платформалары (Zoom, Microsoft Teams), электронды оқулықтар, бұлттық сақтау.
  • Жасанды интеллект БАҚ контентін жасауда қандай рөл атқарады?
    жаңалықтар жазу, суреттерді өңдеу, аудиторияға дербестендірілген контент ұсыну, фейк ақпаратты анықтауға көмектеседі.
  • Журналистиканың этикалық кодекстері БАҚ-тың жұмысына қалай әсер етеді?
    Этикалық кодекстер шынайылық, объективтілік және жауапкершілік сияқты қағидаларды сақтау арқылы БАҚ-тың сенімділігін арттырады.
  • Жаңа медиадағы пікір мен ақпараттың шекарасы қандай?
    нақты ақпарат пен субъективті пікірді ажырату қиын, сондықтан жауапкершілік маңызды
  • Масс-медиа этикасы деген не?
    бұл ақпарат таратушылардың кәсіби стандарттары мен мінез-құлық қағидалары, яғни шынайылық, обьективтілік, жариялылық және жауапкершілік.