Study

Өткізгіштер топтық жұмыс

  •   0%
  •  0     0     0

  • Вольт-амперлік сипаттамасының түрі бойынша ауысуының кедергісі туралы тура және кері бағытта қорытынды жасаңыз.
    Олар ауысуының кедергісі тура бағытта шамалы, ал керісінше – үлкен деген тұжырым жасайды.
  • Вакуум үшін вольт-амперлік сипаттамасын талдаңыз (вакуумдық диод үшін). Неліктен металл өткізгіштен айырмашылығы, диодтың сипаттамасы сызықты емес? Токтың қанығу құбылысы қашан пайда болады? Қанықтыру тогының күші неге байланысты?
    Тура және кері ауысулардың вольт-амперлік сипаттамасын қарастырады.
  • Оқушылар металл өткізгіштерді пайдалану, электролиздің техникалық қолданылуы және газ разрядының әртүрлі түрлері туралы баяндайды, вакуумдық диод пен электронды сәулелі түтік құрылғыларын түсіндіреді, жартылай өткізгіш аспаптардың мысалдары
    Металл өткізгіштерді пайдалану,электролиздің техникалық қолданылуы,газ разрядының әртүрлі түрлері,вакуумдық диод,электронды сәулелі түтік құрылғысын түсіндіреді
  • Металл кедергісінің температураға тәуелділігі қандай құрылғыларда қолданылады?
    металл кедергісінің температураға тәуелділігі кедергі термометрлерінде қолданылады.
  • Әр түрлі ортада бос заряд тасымалдаушылардың пайда болу механизмін түсіндіріңіз.
    Әр түрлі ортада бос заряд тасымалдаушылардың пайда болу механизмі бірдей емес.
  • Әр түрлі ортадағы бос заряд тасымалдаушылардың концентрациясы туралы не білесіз? Ол неге байланысты?
    Сұйықтықтарда-қышқылдардың,тұздардың,сілтілердің,Газдарда ионизатордың,Жартылай өткізгіштерде қоспалардың болуымен анықталады.
  • Әр түрлі ортадағы электр зарядының еркін тасымалдаушыларының табиғаты қандай?
    Металдарда-электрондар,сұйықтықтарда-оң және теріс иондар,газдарда-иондар мен электрондар,жартылай өткізгіштерде-электрондар мен кемтіктер, вакуумда-электрондар
  • Қандай теория әртүрлі ортадағы токтың өту құбылысын түсіндіретінін есіңізде ме? Әр түрлі ортадағы токтың негізгі заңдары қандай?
    Оқушы барлық орталардың электр өткізгіштігін түсіндіретін электронды теорияны көрсетеді; металдар үшін Ом,электролит ерітінділері үшін Фарадей Заңын түсіндіреді
  • Газдар үшін вольт-амперлік сипаттамасын түсіндіріңіз.
    Газдар үшін вольт-амперлік сипаттамасын көрсетеді,графиктің бөліктерін,токтың қанығу мәнін,тәуелсіз разряд механизмін(электронды соққымен иондау)түсіндіреді.