Study

Сайын Мұратбеков

  •   0%
  •  0     0     0

  • "Жусан иісі" повесінің авторы?
    Сайын Мұратбеков
  • Көктем шыға балалар колхоздың қандай жұмысына араласты?
    Соқамен жер жыртты.
  • Повесть неге "Жусан иісі" деп аталады?
    Автордың балалық шағы жусан иісімен байланысты болғандықтан.
  • Аян неліктен шанамен сырғанауға түнде шығатын?
    Өз шанасы болмағандықтан, ертегі айтып болған соң балалар кезектесіп оған шана беретін.
  • Аянды төбелеске шақырған баланың аты кім?
    Есікбай
  • Аян неге тезірек хат танығысы келді?
    Майдандағы ағасына (әкесіне) хат жазғысы келді.
  • Әдетте кешкі асқа Аян не жейтін?
    Бір уыс қуырылған тары
  • Аянның мінезі қандай?
    тұйық, ұқыпты, зерек, қиялшыл
  • Аянның майданға кеткен ағасы деген шын мәнінде оған кім еді?
    Аянның әкесі. Әкесін ол аға деп атайтын.
  • "Жусан иісі" повесінің негізгі идеясы?
    Ата-ананың қадірін біліп, құрметтеуге шақыру.
  • "Жусан иісі" повесінің басты тақырыбы?
    Жетім баланың аянышты тағдыры.
  • Мектеп мұғалімі қарт Иманжанов неге қаладан көшіп келді?
    Денсаулығының нашарлауына байланысты.
  • Аян ертегілерін қалай бастаушы еді?
    Ертеде бір жетім бала болыпты... деп.
  • Оқиға немен аяқталды?
    Аянның балалар үйіне кетуімен.
  • Аянның ең соңғы алған қарақағазы жылдың қай кезеңінде келіп еді?
    Жаз ортасында
  • Повестегі оқиғалар орын алған ауыл қайда орналасқан?
    Ешкіөлмес тауының етегінде.
  • Аянды тепкінің астына алған бригадирдің аты кім?
    Тұржан бригадир
  • "Жусан иісінің" жанры?
    повесть
  • Әжесі қайтыс болған соң Аянды кім алып кетті?
    Алыс туысы - Бапай.
  • Аян әжесінің қайтыс болғанын қалай қабылдады?
    Үнсіз қалыпта, үлкен кісілерше қайғысын сыртқа шығармады, сабырлы болды.
  • Аянның қорасында қанша малы бар еді?
    Бір қоңыр сиыры.
  • Аян неліктен бір ай мектепке бара алмай қалды?
    Бұзауға мінемін деп тобығын тайдырып алғандықтан.
  • Бапай шалдың кемпірі балаларды үй іргесінен қуып жібергенде атқораның төбесіне баруды кім ұсынды?
    Садық
  • Қосымның балалар тауып қойған екінші аты кім?
    Тырнауық мысық