Study

Проф.проба

  •   0%
  •  0     0     0

  • Оның тіккен бұйымы, Аяғыңды қаптайды, Шыға қалса жұлымы, Әдемілеп баптайды.
    Етікші
  • Адамның жүзін, Басы мен көзін. Айнытпай келбетін, Салатын кім бейнесін?
    Суретші
  • Айдында жүзеді, Тірі күміс сүзеді.
    Балықшы
  • Өнерге тән жаратқан, Көкірегі кең аспан. Барша жұртты қаратқан, Бейнегер кім тым асқан?
    Қылқалам шебері ( художник)
  • Жолының көп азабы, Сондадағы тынбайды. Жаңалықты жазады, Көпшілікті тындайды.
    Журналист
  • Маңдайға жағып шырақты, Лавалардан тұрақты. Ағызып отын өзенін, Жылытқан кім өз елін?
    Шахтёр
  • Ол жетсе ауылға, Самсар жұлдыз торабы. Жарық сыйлап әр үйге, ұр шашып тұрады. Нұрын шашып тұрады.
    Электрші
  • Көрінбейді өзі, Естіледі сөзі.
    Радио дикторы
  • Алатаяқ ұстаған, Жол тәртібін ңұсқаған, Өміріңді күзеткен, Ысқырығы күшті адам.
    Милиционнер
  • Жасыл желек көгалда, Бірде артқа, Бірде алға, Желаяқ көп бала, Таласып жүр бір шарға
    Футболшы
  • Тұлғалы кең иығы, Мұнара оның тұрағы, Маң далада бұйығы, Сөнбей жанса шырағы, Жер астының сұйығы Фонтан болып шығады.
    Мұнайшы
  • Қалпағы ақ қарасаң, Дәрігер емес, бірақ ол. Дәм мәзірін қаласаң, Алға ұсынып тұрады ол.
    Аспазшы
  • Тұлғалы кең иығы, Мұнара оның тұрағы, Маң далада бұйығы, Сөнбей жанса шырағы, Жер астының сұйығы Фонтан болып шығады.
    Мұнайшы
  • Жалтылдап қалағы, Салатын кім қаланы?
    Кірпіш қалайшы
  • Күміс қанат, сұңқары, Көкке еркін сүңгиді. Бұлттан да тым әрі, Кеткен жанды кім дейді?
    Ұшқыш
  • Дабылға тез жететін, Жалынға сүңгіп кететін. Қақалса да түтінге, Тайсалмайтын батыл кім,
    Өтр сөндіруші
  • Екі шекпен күмбірлеп, Көңіл сазын сапырады, Тұлпар шабыс дүмбірлеп, Желпіндіріп отырады.
    Күйші