Қалдырмай баласын бiр елi, Қалтаға салып-ап жүредi.
Кенгуру
Көк ала бас көк бура, Сырты сұлу, күмбездей, Далада оттап жүрсе де Бауырын жазып шаба алмас, Үйірін іздеп таба алмас. Үстіне киген киімі Бір жыртылса жамалмас, Оны адамзат баға алмас.
Тасбақа
Адамға серік, Күзетке берік.
Ит
Бұтақтарға секіріп, Әр жерден қылт етеді. Кейде жаңғақ кеміріп, Жоғары өрлеп кетеді.
Ақтиін
Ешбiр бұйым тiкпеген, Үстi толған көк тебен.
(Кiрпi)
Жол үстiнде егiз өрiм, Қамшы жатыр сегiз өрiм.
(Жылан)
Тастамайды бiр елi, Үйiн сүйреп жүредi
(Тасбақа)
Сылдырдан қорқады, Шошынып жортады.
(Қоян)
Түлкі ұқсас тұрқы, Бір тоймайтын құлқы. Аңдитыны тастан, Құс пен тышқан.
Қабылан
Орманнан шығар, Сырты шұбар. Ала түрлі, Кілтең сырлы.
Жылан
Денесіне қапталған, Сырты түбіт тоны бар. Дыбыссыз кіріп шығады, Бүкірейген жоны бар.
Мысық
Жер қопарған тiсiмен, Сескенесiң түсiнен.
(Қабан)
Түрі жылқы бейнесі, Жолақ-жолақ жейдесі.
Зебра
Қаймықпайды күштi аңнан, Қорқады тек тышқаннан.
(Пiл)
Your experience on this site will be improved by allowing cookies.