Game Preview

Дұрыс жауап

  •  Kazakh    7     Public
    Философия
  •   Study   Slideshow
  • Білім беру философиясының жеке ғылыми сала ретінде бөлініп шығуының үш себебін ата.
    1.білім беру технологияларының өзгеруі; 2.білім көлемінің өсуі; 3.қоғам мен оқу-білім арасындағы қайшылықтардың тереңдеуі.
  •  5
  • Сократтың «надандық – зұлымдық» деген ойы білімнің құндылықтық мағынасын қалай ашады?
    Сократ білімді адамды ізгі, ал наданды – зұлым деп санады. Яғни, адамгершілік пен адамдықтың бастауы – білімде, ал білімсіздік адамды қателікке итермелейді.
  •  5
  • Джон Дьюидің прагматистік философиясы білім беруді қандай мақсатта қарастырады?
    Білім – тек теория емес, өмірлік тәжірибеде қолдануға арналған құрал. Дьюи үшін оқу – тәжірибе арқылы үйрену, білім адамның өмірлік бейімделу қабілетін артыру
  •  5
  • Ыбырай Алтынсариннің философиясы бойынша, білім тек ақпарат па, әлде адамгершілік пен еңбекке тәрбиелеу құралы ма?
    Ы.Алтынсарин үшін білім – адамды ізгілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа тәрбиелейтін рухани күш. Ол оқу мен еңбекті біріктіріп, адамдық кемелденуге жол ашады.
  •  5
  • Әл-Фараби мен Аристотель ғылымдарды жіктеуде нені ортақ, нені өзгеше деп санаған?
    Ортақ тұсы — екеуі де ғылымды теориялық және практикалық бағыттарға бөлді.әл-Фараби ғылымды кеңейтіп, оған музыка,медицина,механика,метафизика салаларын енгізд"
  •  5
  • Техника мен технологияның айырмашылығы неде?
    Техника – құралдар, машиналар жиынтығы. Технология – сол құралдарды қолдану әдісі, процесс пен ұйымдастыру жүйесі.
  •  5
  • Сциентизм мен антисциентизмнің айырмашылығы қандай?
    Сциентизм – ғылымды абсолютті шындық көзі деп есептейді. Антисциентизм – ғылымның шектеулігін, техникалық прогрестің адамзатқа қауіп төндіруін ескертеді.
  •  5