"Жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін" деген кімнің сөзі?
Ыбырай Алтынсарин
5
Мұғалім професссиограммасы дегеніміз не?
Мұғалімнің білімі, дағдысы мен іскерлігіне, оның жеке тұлғасына, қабілеттеріне қойылатын талаптар тұрғысынан алғанда толық біліктілік сипаттама берілген құжат.
5
Дидактикалық қабілет дегеніміз не?
мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтауы, өз пәніне қызығушылығын арттыру.
5
Педагогикалық шеберлік дегеніміз не?
тек қана мұғалімнің жалпы, жан жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол- әр сөзді оқушыларға жеткізе білу.
5
"Педагогика" термині гректің қандай сөзінен шыққан?
"Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс"-балалар және " эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан.
5
Педагогика пәнінің объектісі
саналы және мақсат көздеген, нәтижеге бағытталған тәрбие процесі.
5
Педагогиканың негізгі ұғымдары
Тәрбие, оқыту, білім беру
5
Педагогика пәніне толық анықтама бер.
жеке тұлғаның дамуын анықтайтын қарама- қайшылықтар, заңдылықтар, қарым-қатынастар, тәрбие процесінің ұйымдастыру мен жүзеге асыру технологиясы.
5
"Бала тәрбиесіне басшылық" еңбегінің авторы
Ежелгі грек ойшылы Демокрит
5
Джон Локктың адамгершілікке көп көңіл бөліп, баланы " таза тақтаға" теңеген еңбегінің аты қалай аталады?
Тәрбие туралы ойлар
5
"Тәрбиеге жетекші" атты еңбегінде педагогиканың дидактика саласын ғылыми негіздеген автор кім?
Жүсіпбек Аймауытов
5
Мектеп педагогикасы неше бөлімнен тұрады және атаулары қандай?
4 бөлімнен тұрады: 1) педагогиканың жалпы негіздері, 2) тәрбие теориясы, 3) дидактика, 4) мектептану( басқару теориясы)
5
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңы қашан қабылданды?
2007 жылы, 27 шілде
5
Жеке адамның дамуына және қалыптасуына әсер ететін үш негізгі факторды ата.
1) тұқымқуалаушылық,2) орта, 3) тәрбие
5
Дефектология саласына анықтама бер
Көру, есту, сөйлеу мүшелеріне және ақыл ойында табиғи кемістік бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелерін зерттеп жетілдіреді.
5
Педагогиканың негізгі ұғымдарының бірі оқытуға қысқаша анықтама бер
Оқыту - білім берудің негізгі жолы, екі жақты , бір текті процесс.