Edit Game
https://files2.abingcdn.com/balkaneu.com/uploads ...
 Delete

Use commas to add multiple tags

 Private  Unlisted  Public




Delimiter between question and answer:

Tips:

  • No column headers.
  • Each line maps to a question.
  • If the delimiter is used in a question, the question should be surrounded by double quotes: "My, question","My, answer"
  • The first answer in the multiple choice question must be the correct answer.






 Save   20  Close
Кез келген электрлік тізбекті, қондырғыны іске қосатын немесе сөндіретін не?
Кілт
Изотоп деген не? Атомдық құрылыстарын түсіндір
Бір хим.элементтің атомдары, оларда нейтрон саны әр түрлі, протон, электрон сандары бірдей
Алтын атомының құрамы қандай?
протон 79, нейтрон 118, электрон 79
Адам денесінің қай органының жұмысына электр тогы маңызды рөл атқарады?
Электр тогы жүрек соғуында рөл атқарады
Денесінен 500 Вольтқа дейін электрлік кернеу бере алатын қандай тіршілік иесін білесің? ОЛ осындай жоғары кернеуді қандай кезде қолданады деп ойлайсың?
Жыланбалық деп аталады. Олар өздеріне қауіп төнгенде ғана қорғаныш ретінде пайдаланады.
Әлемде электр энергиясын өндіру үшін ең көп қолданылатын отынның түрі? Түсіндір.
электр энергиясының 38%-ы көмірден алынады, көмірді пайдалану процесі қарапайым, жылу электр станциясында өндіріледі.
Электрлік көліктер сонау 1932 жылы пайда болды. Шын ба? жалған ба? жауабыңды түсіндір
Шын. 1930 жылдардың басында жаңадан шыққан өнертапқыш Роберт Андерсон ең алғашқы электр көлігін жасап шығарды.
Найзағай деген не? Түсіндір.
Заряд әбден көп жинақталған кезде бұлттан жерге қарай зарядтар ағады, қысқа мерзімді ток жүреді, ол кедергісі аз орын арқылы жүреді.
Құбылысты түсіндір
Зарядталу құбылысы. Баланың шаштарының заряды бірдей болғандықтан, олар бір бірінен тебіледі
Денені электрлеудің қандай әдістері бар?
Үйкелеу арқылы, зарядты бөліп беру арқылы және индукциялау арқылы
Натрий атомының құрамында 11 протон , 12 нейтрон және 10 электрон бар десек, оның заряды туралы не айтуға болады?
Натрий атомы оң зарядталған деп айтуға болады, яғни натрийдің оң ионы түзілген.
Атомның құрамында зарядталған бөлшектер болғанына қарамастан, ол электрлік бейтарап болып табылады. Неліктен?
Өйткені атомда оң зарядтар мөлшері теріс зарядтар мөлшеріне тең.
Теріс ионның пайда болуын түсіндір.
Атом басқа атомның электрондар қосып алса, оның теріс заряды көбірек болады да, теріс ионға айналады.
Оң ионның пайда болуын түсіндір.
Атом өзінің электрондарынан айырылып қалса, оның + заряды көбірек болады да, оң ионға айналады.
Элементар заряд деген не? Сан мәні қандай? Оған қандай бөлшектер ие?
Табиғаттаға ең кіші заряд. 1.6*10-19 Кл. Электрон және протон
Алғаш рет электрлік құбылыстар қай елде, қалай ашылған? Қандай денені қолданған кезде ашылған?
Ежелгі Греция. Янтарьды өңдеу кезінде электрлену құбылысы ашылған.
Ең қарапайым химиялық элемент не? Оның құрылысын сипатта.
Сутегі, бір протонды бір электрон айналып жүреді.
Суретті (анимацияны) толық түсіндір
Резерфорд жасаған модель атомның құрылысын сипаттайды, атомның планетарлық моделі.
Егер бір зарядталған денеге зарядталмаған денені жанстырса, оның заряды азаяды,ослайша басқа денеге жанастыру арқылы оның зарядын шексіз азайта беруге бола ма?
Денедегі зарядтың шамасын тек элементар зарядқа дейін азайтуға болады.
Электрленген денелердің қандай қасиеттері болады?
Олар өзара әрекеттеседі, тартылады, тебіледі.