Edit Game
Шамалар арасындағы тәуелд ...
 Delete

Use commas to add multiple tags

 Private  Unlisted  Public



 Save

Delimiter between question and answer:

Tips:

  • No column headers.
  • Each line maps to a question.
  • If the delimiter is used in a question, the question should be surrounded by double quotes: "My, question","My, answer"
  • The first answer in the multiple choice question must be the correct answer.






 Save   12  Close
Егер кесте дұрыс құрылған, бірақ формуласы қате болса — оны қалай байқаймыз?
Кестедегі мәндерді формуламен тексеру керек. Егер сәйкес келмесе — формула қате.
Бір шаманың өзгерісі екінші шамаға әсер етпесе, оны тәуелді деп айта аламыз ба?
Жоқ, егер бір шама өзгеріп, екіншісі өзгермесе — олар тәуелсіз шамалар.
Күнделікті өмірден тәуелді шамаларға мысал келтір.
Мысалдар: дүкендегі зат пен баға, таксидегі жүрілген қашықтық пен төлем, уақыт пен орындалған жұмыс көлемі.
Қай жағдайда формула құру оңай: кестемен бе, сөзбен бе? Неліктен?
Кестемен — өйткені нақты сандар берілген, үлгіні байқау оңай.
Берілген кесте бойынша формула құра. Кітап саны мен бағасының арасындағы формула қандай?
Формула: Баға = кітап саны * 500
1 билет – 400 теңге. Балалар тобы 3, 5, 7 және 10 билет алса, қанша төлейді? 10000 тенгеге қанша билет ала алады? Формуласын жаз.
3 билетке = 1200 тенге, 5 билетке = 2500 тенге, 7 билетке = 2800, 10 билетке = 4000 тенге. 10000 тенгеге 25 билет сатып ала алады. Формула: y = x*400
Әлия дүкеннен әрқайсысы 600 теңгеден тұратын сөмкелер сатып алмақ. Оның 3000 теңгесі бар. Ол неше сөмке ала алады? Қанша теңге қалуы мүмкін?
5 сөмке сатып ала алады. Ақшасы қалмайды
1 литр бензинмен – 10 км жол жүруге болады. 40 литр бензинмен неше шақырым жүруге болады?
40 литр бензинмен 400 км жол жүруге болады.
Есепті шешімін тап:🍕 Әр пиццаның бағасы – 1500 теңге. Аян мен достары 1, 2, 3, 5 пицца тапсырыс берсе, жалпы төлем қанша болады? Формуласын жаз.
1 пицца = 1500 тенге, 2 пицца = 3000 тенге, 3 пицца = 4500 тенге, 5 пицца = 7500 тенге. Формула:y = x*1500
Кесте мен формуланың айырмашылығы неде?
Кесте — мәндерді нақты көрсетіп тұрады (көзбен көруге ыңғайлы). Формула — есептеуге көмектеседі, кез келген мән үшін жауап табуға болады.
Шамалар арасындағы тәуелділікті қандай тәсілдермен көрсетуге болады?
3 тәсілмен көрсетуге болады. Кесте, формула, график әдістерімен.
Шама дегеніміз не? Мысал келтір.
Шама — бұл өлшенетін немесе есептелетін нәрсе. Мысал: Уақыт (сағат, минут), Жол (километр), Салмақ (килограмм), Баға (теңге), Температура (градус)