Edit Game
Мектепке дейінгі балаларғ ...
 Delete

Use commas to add multiple tags

 Private  Unlisted  Public



 Save

Delimiter between question and answer:

Tips:

  • No column headers.
  • Each line maps to a question.
  • If the delimiter is used in a question, the question should be surrounded by double quotes: "My, question","My, answer"
  • The first answer in the multiple choice question must be the correct answer.






 Save   15  Close
«Өзін-өзі тану» пәні нені үйретеді?
Мейірімділікке, достыққа, сыйластыққа, табиғатты сүюге, отбасын құрметтеуге тәрбиелейді.
Халық педагогикасының маңызы неде?
Бесік жыры, мақал-мәтел, ертегілер арқылы ұлттық құндылықтар мен ізгі қасиеттерді қалыптастырады.
Еңбек әрекеті қандай қасиеттерді дамытады?
Еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, ұқыптылық, үлкендер еңбегін құрметтеу қасиеттерін дамытады.
Ойын арқылы адамгершілік қалай қалыптасады?
Ойын барысында балалар өзара қарым-қатынас жасап, әділдікке, достыққа, көмектесуге, ұйымшылдыққа үйренеді.
Неліктен мектепке дейінгі кезең адамгершілік тәрбиеде маңызды?
Себебі осы кезеңде баланың мінез-құлқы, әдеттері мен адамгершілік негіздері қалыптасады.
Қоғамдық орында өзін дұрыс ұстау нені көрсетеді?
Баланың мәдениеттілігін, тәртіптілігін және адамгершілік нормаларды меңгергенін көрсетеді.
Баланың адамгершілік сезімі қалай дамиды?
Үлкендердің үлгісі, дұрыс тәрбие, қарым-қатынас және күнделікті іс-әрекет арқылы дамиды.
Моральдың негізгі міндеті қандай?
Адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру және адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.
Отанға сүйіспеншілік қалай қалыптасады?
Туған жерді, елді, халықтың тілін, мәдениетін құрметтеу арқылы қалыптасады.
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері қандай?
Ізгілікке тәрбиелеу, үлкендерді құрметтеу, құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру, қарапайым әдеп ережелерін орындауға үйрету.
Сәлемдесу мен рақмет айту нені білдіреді?
Бұл – мәдениетті мінез-құлықтың, әдептілік пен сыйластықтың белгісі.
Мектепке дейінгі жаста қандай қасиеттер қалыптасады?
Қайырымдылық, жанашырлық, достық, жауапкершілік, әдептілік, ұйымшылдық қасиеттері қалыптасады.
Баланы адамгершілікке тәрбиелеуде кімдер маңызды рөл атқарады?
Отбасы, ата-ана және педагогтар шешуші рөл атқарады.
Адамгершілік тәрбиесі қашан басталады?
Адамгершілік тәрбие бала туған кезден басталып, отбасы мен тәрбиешілердің ықпалы арқылы дамиды.
Адамгершілік дегеніміз не?
Адамның моральдық қасиеттерін белгілі бір мақсатқа бағыттап қалыптастыру, ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық сияқты құндылықтардың жиынтығы.