Game Preview

1916 ж көтеріліс

  •  Kazakh    14     Public
    1916 ж көтеріліс
  •   Study   Slideshow
  • Бірінші дүниежүзілік соғыс созылған жылдарды көрсетіңіз.
    1914–1918 жылдар
  •  15
  • Соғыс басталғаннан кейін патша өкіметі Қазақстанның барлық облыстарында қандай жағдай жариялады?
    «Төтенше әскери жағдай».
  •  15
  • Соғыс жылдарында қандай іс-шараларға тыйым салынды және шектеулер қойылды?
    Ереуілдерге, митингілерге, жумысшыларды басқа жумыстарға тартуға тыйым салынды; әскери цензура орнатылды
  •  15
  • Соғыс уақытында полицейлерге қандай құқықтар берілді
    Жұмысшыларды сотсыз және тергеусіз қамауға алу құқығы.
  •  15
  • Тау-кен кәсіпорындарындағы жумысшылардың жұмыс күні қанша сағатқа созылды?
    12–14 сағатқа.
  •  15
  • 1916 жылы Екібастұз көмір кеніндегі жумысшылардың орташа есеппен күндік жалақысы қанша болды?
    20–60 тиын
  •  15
  • 1916 жылы әскери бөлімшелерде соғысқа қарсы үгіт-насихат қай облыстарда жүргізілді?
    Верный, Ақмола және Семей облыстарында
  •  15
  • Патша өкіметінің 1916 жылғы 25 маусымдағы Жарлығының басты мазмұны қандай?
    Бұратана халықты (19–43 жас аралығындағы ер азаматтарды) тыл жұмыстарына алу.
  •  15
  • 1916 жылғы жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен тыл жұмыстарына канша адам алу жоспарланды?
    500 мың бұратана халық (жас).
  •  15
  • Патша жарлығына қатысты қазақ зиялылары арасында қандай екі бағыт пайда болды?
    Либералдық-демократиялық зиялылар (айтылған мерзімді ұзарту, біртіндеп алуды ұсынды) және радикалды топ (қарулы көтеріліске шақырды).
  •  15
  • «Қазақ» газеті төңірегіндегі либералдық зиялылардың өкілдерін атаңыз.
    Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы және т.б.
  •  15
  • Қазақ зиялыларының ішінде халықты қарулы көтеріліске шақырған радикалды топ өкілдері кімдер?
    Т. Бокин, Ж. Ниязбеков, А. Жүнісов және т.б.
  •  15
  • Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себептері қандай?
    Отарлау саясатының күшеюі, шұрайлы жерлерді тартып алу, салықтардың өсуі, әлеуметтік және ұлттық заңсыздықтар.
  •  15
  • 1916 жылғы көтерілістің бірінші кезеңі қандай уақытты қамтиды?
    1916 жылдың жаз айларындағы стихиялы наразылықтар мен қақтығыстар.
  •  15