Кернеуі 220В, ал ток күші 14А желіге қосылған су қыздырғышпен 40л суды 83 минутта 20 С-тан 100 С-қа дейін қыздыратын болса, оның ПӘК-і неге тең? Су=4200
87,6%
25
Электр пешінің орамасы ұзындығы 6 м, көлденең қимасының ауданы 2 мм2, меншікті кедергісі 1,2 Ом*мм2/м қорытпадан жасалған. Егер оның тұтынатын қуаты 600 Вт болса, онда оны кернеуі қандай желіге қосу керек?
46,5 В
15
Теледидар 4 сағ жұмыс істегенде жұмсалатын энергияның құнын анықта. Теледидардың тұтынатын қуаты 220 Вт, ал 1 кВтсағ энергия 4 теңге тұрады.
3,52 теңге.
15
Ток күші 2,5 А болғанда 220 В электр желісіне қосылған электр үтігімен 4 сағ бойы кір үтіктелген. Жұмсалған энергияның құнын есепте. (Тариф бойынша 1 кВт сағ 4 теңге тұрады)
8,8 теңге.
15
Қуаты 100 Вт электр шамы 1 ай бойы (30 күн) тәулігіне 8 сағаттан жанғанда жұмсалатын энергияның құнын есептеңдер. (Тариф бойынша 1 кВтсағ 4 теңге төленеді)
96 теңге.
15
Төртінші шамда тұтынылатын қуатты анықта.
20
Электр шәйнектің ішіндегі көлемі 1,5 л суды 20 С-тан 40 С –қа дейін қыздыру үшін, шәйнекті 8 мин ток көзіне қосады. Шәйнектің тұтынған қуатын анықта. С=4200 .
262,5 Вт
20
Кедергісі 48 Ом, кернеуі 127 В қайнатқыш 10 минут жұмыс істегенде, неше литр суды 100 С –қа дейін ысытуға болады? Судың бастапқы температурасы 20 С.
0,6 литр
20
Ток күші 3,5 А, кернеуі 220 В желіге қосылған электр пешінің орамасынан 690 кДж жылу бөлінеді. Пеш желіге қанша уақыт қосылып тұрған?
15мин немесе 896с
20
Электр шамындағы ток күші 0,6 А деп алып, осы шамды кернеуі 124 В желіге 2 минут қосқанда тұтынылатын электр энергиясын есепте.
8928 Дж (немесе 8,93 кДж)
10
Кедергісі 250 Ом шамның қыл сымы арқылы 0,2 А ток өтеді. Осы шам 1 минут жанып тұрса, қанша жылу шығарар еді?