Атмосферада көміртек негізінен көмірқышқыл газы (CO₂) түрінде болады. Ол жанармайдың жануы, тыныс алу, жанартаулар атқылауы нәтижесінде бөлінеді.
15
Фотосинтез процесіне анықтама
Өсімдіктер күн сәулесінің әсерінен атмосферадағы CO₂-ні сіңіріп, фотосинтез арқылы органикалық заттар түзеді. Осылайша көміртек тірі ағзалардың құрамына енеді.
15
Кальций мен темір тек ағзада емес, өсімдіктерде де маңызды. Олардың рөлін салыстырыңдар.
Кальций — сүйек, тіс, жасуша қабырғасын қатайтады; өсімдікте жасуша қабырғасын қолдайды. Темір — оттекті тасымалдайды, өсімдікте хлорофилл синтезіне қатысады.