Game Preview

7 cынып 2 токсан физика

  •  Kazakh    13     Public
    физика
  •   Study   Slideshow
  • Көлемі 200 см³, массасы 1,6 кг дененің тығыздығын анықтаңыз. Дененің қандай материалдан жасалуы мүмкін?
    ρ = m / V = 1,6 / 0,0002 = 8000 кг/м³ → Темірге жуық
  •  15
  • Екі дененің массалары бірдей, бірақ көлемдері әртүрлі. Қайсысының тығыздығы үлкен? Неліктен?
    Көлемі кіші дененің тығыздығы үлкен, себебі ρ = m / V → V азайса, ρ артады.
  •  10
  • Тығыздығы 900 кг/м³ болатын дене суда бата ма, әлде жүзе ме? Себебін түсіндіріңіз.
    Судың тығыздығы ≈ 1000 кг/м³ 900 < 1000 → дене жүзіп шығады
  •  15
  • Массасы 2,7 кг алюминий кесегінің көлемін табыңыз (ρ = 2700 кг/м³).
    V = m / ρ = 2,7 / 2700 = 0,001 м³
  •  15
  • Массасы 3 кг денеге әсер ететін ауырлық күшін табыңыз (g = 10 Н/кг).
    Fₐ = mg = 3 × 10 = 30 Н
  •  10
  • Айда тұрған 2 кг денеге әсер ететін ауырлық күші Жермен салыстырғанда қалай өзгереді?
    Fₐ = 2 × 1,6 = 3,2 Н → Жердегіден 6 есе аз
  •  15
  • Массасы өзгермесе де ауырлық күші неге әр планетада әртүрлі?
    Себебі еркін түсу үдеуі g әр планетада әртүрлі.
  •  10
  • Серіппеге 4 Н күш әсер еткенде ол 8 см-ге созылды. Серіппенің қатаңдығын табыңыз.
    k = F / x = 4 / 0,08 = 50 Н/м
  •  15
  • Серпімділік күші қай кезде пайда болады?
    Дене деформацияланған кезде (созылу, сығылу, иілу).
  •  10
  • Серіппеге ілінген жүктің массасы 2 кг. Серіппе тепе-теңдікте тұр. Қандай күштер әсер етеді?
    – Ауырлық күші – Серпімділік күші Бұл күштер тең және қарама-қарсы бағытталған
  •  15
  • Егер серіппенің қатаңдығы артса, бірдей жүкте созылуы қалай өзгереді?
    Созылу азаюы тиіс, себебі x = F / k → k артса, x кемиді.
  •  15
  • Массасы 4 кг дене үстелде тыныш тұр. Оның салмақ күші неге тең?
    P = mg = 4 × 10 = 40 Н
  •  10
  • Салмақсыздық деген не? Ол қай кезде пайда болады?
    Еркін құлау кезінде пайда болады.
  •  15