Game Preview

Сұрақ жауап

  •  Kazakh    9     Public
    Мәтін бойынша сұрақтар қойылады
  •   Study   Slideshow
  • 1.Әңгімедегі оқиға қай жерде, қандай жағдайда басталады?
    1 Жауабы: Оқиға жазғы жайлауда, балалардың молдаға сабаққа бара бастаған кезінде басталады
  •  5
  • 2. Молдаға әкелгенде әжесінің не деп айтқаны есіңде ме? Бұл сөздің мағынасы қандай?
    2 Жауабы: Әжесі: «Бұл үйдің кенжесі еді, қорқақтау, тым ұра бермессіз» дейді. Бұл сөз немересін қорғап, молдадан жеңілдеу ұстауды сұрағанын білдіреді.
  •  5
  • 3. Түйебайдың мінезін сипатта: ол қандай бала?
    3 Жауабы: Түйебай – тентектеу, бірақ зерек, айтқанға көне бермейтін, намысшыл бала.
  •  5
  • 4. Молда мен Түйебай арасындағы қақтығыс қалай болды? Себебі неде?
    4 Жауабы: Сабаққа кешігіп келгені үшін молда ашуланып, Түйебайды ұрып-соғады. Түйебай үндемей қойған сайын молданың ашуы күшейіп, оны қамшымен соғып жібереді.
  •  5
  • 5. Автор молданың бейнесін қалай суреттейді? Бұл суреттеу арқылы не айтқысы келген?
    5 Жауабы: Молда қатал, ашуланшақ, сабақты қорқытып үйрететін адам ретінде суреттеледі. Автор ескіше оқытудың әділетсіздігін, тиімсіздігін көрсеткісі келеді.
  •  5
  • 6. Түйебайдың сабаққа барудан бас тартуына не әсер етті?
    6 Жауабы: Молданың ұрып-соғуы мен «ақымақ» деп кемсітуі Түйебайды ренжітіп, сабаққа барудан бездірді.
  •  5
  • 7. Соңында Түйебайдың жағдайы қалай өзгерді? Оның бейнесі саған қандай әсер қалдырды?
    7 Жауабы: Ол сабаққа бармай, жалданып қой бақты. Оның жалаңаяқ, жүдеу қалпы жан ашырлық сезім тудырады.
  •  5
  • 8. Әңгімеден қандай әлеуметтік мәселені байқадың? Өз ойыңды айт.
    8 Жауабы: Бұл әңгімеде кедей баласының ауыр тұрмысы, әділетсіз қоғамдағы теңсіздік, ескіше оқытудың кемшілігі көрсетілген
  •  5
  •  5